Қасым-Жомарт Тоқаев жасөспірімдер Олимпиадасының тұңғыш чемпионын жеңісімен құттықтады
13:48, 20 Қаңтар 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады.
«Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі»,-деп жазды өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.