- Қазақстан барлық салаға жасанды интеллектіні енгізуді қолға алды. Бұл ретте ғылым және білім салаларына басымдық беріледі. Мен 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияладым. Қазақстан «Жасанды интеллект туралы» заң қабылдады, Цифрлық кодексті бекітіп, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құрды. Біз Жасанды интеллектіні қауіпсіз жолмен әрі жауапкершілікпен дамытуды көздейтін «Вашингтон моделін» қолдадық. Ол БҰҰ аясында жасанды интеллектіні реттеудің жаһандық ережелерін әзірлеуге негіз болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент зерттеуші ғалымдарымыз KazLLM және AlemLLM деп аталатын ұлттық тіл модельдерінің басты элементтерін жасап шығарғанын атап өтті.
- Биыл қазан айында Qazaq AI Research University жұмысын бастады. Бұл – еліміздегі жасанды интеллект зерттеулеріне маманданған алғашқы білім ордасы. Сонымен қатар студенттердің ЖИ саласындағы дағдыларын қалыптастыруға, технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға және DeepTech-стартаптарға қолдау көрсетуге арналған AI-Sana бағдарламасы қолға алынды, - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясымен жемісті ынтымақтастық жолға қойылғанын айтты.
- OpenAI компаниясымен серіктестік нәтижесінде еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының ұстаздары ChatGPT Edu арнаулы чат-ботын еркін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Стэнфорд университеті, Массачусетс технологиялық институты (MIT), Беркли және Карнеги Меллон университеттеріндегі сарапшылардың қолдауымен студенттеріміз 22 мыңнан астам жобаны жасап шығарды. ЖИ-мен байланысты жүздеген шешім бизнес, денсаулық сақтау, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларына енгізіліп жатыр. Satbayev Technical University мен Гонконг қалалық университеті арасындағы ынтымақтастық та осы салада айтарлықтай нәтиже әкелді. Бұл ретте Нгай мырзаның жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерді өндіріске енгізу туралы бастамасын толық қолдаймын, - деді Президент.
Жемқорларға ешқандай аяушылық немесе рақымшылық болмайды. Бұл туралы III Стратегиялық серіктестер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.