Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында жүр

Фото: Фото: Ақорда

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді. 

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралайды. 

Фото: Ақорда

Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысады.

Еске сала кетейік, кеше Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдаған болатын.

Олжас Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады.