Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қасри Миллат» сарайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды

ДУШАНБЕ. KAZINFORM –  Душанбеге мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қасри Миллат» сарайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Ресми шара кезінде Мемлекет басшысының құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Мұнан соң Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. 

Фото: Ақорда

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Ақ залға өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізді. 

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда