Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті «Ала-Арча» резиденциясында қарсы алды

Фото: Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Ала-Арча» резиденциясында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды, деп хабарлайды Kazinform.

"Сәлден кейін ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы басталады", - деп жазды Ақорда желідегі ресми парақшасына.

Айта кетейік, бұған дейін Президенттің Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барғанын жазған болатынбыз.