Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түрікменстан Президенті Қазақстанға келеді
18:02, 21 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов шағын құрамда келіссөз жүргізген еді.