«Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттың сомасы биыл 200 АЕК-тен (636 000 теңге) 400 АЕК-ке (1 225 200 теңге) дейін өсті. Бұл қаражатты азаматтар қайтарусыз, өтеусіз негізде алады. Грант бағдарламаға қатысушыларға тек бір рет ғана беріледі», - деді Бақыт Бекенов.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы бизнес бастауға әзір 350 азаматқа грант беру жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында мұқтаж жандарға жеке кәсіп ашуға 300-ге жуық грант бөлінетінін