Кәсіпкер әйелдерді несиелендіру жұмысы жалғасады - Г. Әбдіхалықова

sp; Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздегі кәсіпкер әйелдерді несиелендіру жұмысы жалғаса береді.

Бұл туралы бүгін Астанада басталған халықаралық конференцияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр атап көрсеткендей, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің қолдауына ие болған оң бастама аясында осы уақытқа дейін 650 млн. теңге игерілді. «Алдағы уақытта республикалық бюджетке орай бұл мақсатқа қаржы бөлініп, еліміздегі кәсіпкер әйелдерді несиелендіру жұмысы жалғаса береді», дейді Гүлшара Әбдіхалықова.