Кәсіпкер құқығы прокуратураның қорғауында - Павлодар
09:00, 10 Ақпан 2011
ПАВЛОДАР. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Былтырғы жылы Павлодар облысында прокуратура кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған 25 тексеру жүргізген,
деп хабарлайды осы мекеменің баспасөз қызметі.
Тексеру нәтижелері бойынша 18 ескерту қағаз енгізілген, 21 шенеунік қызметтік жауапкершілікке, екі шенеунік әкімшілік жауапкершіліке тартылған. Осылайша 520 кәсіпкердің конституциялық құқығы қорғалып отыр.
Осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын таппақ.