«Күннен қуат алатын батареяларды пайдаланып, шаруа қожалығындағы жағдайды жақсарту туралы идеямды «Даму» қорына бастан-аяқ баяндап бердім. Нәтижесінде «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3,5 млн теңгеге қайтарымсыз грантқа ие болдым. Грант қаражатына Тоқтамыс ауылындағы мал жайылымы учаскесінде қуаты алты киловатты құрайтын күн батареяларын орнаттық, қазір өзіміз бен көршілерімізді жарықпен қамтамасыз етіп отырмыз, аграрлық бизнесіміз де өрге басты», - дейді Жалбызбай Итаяқов.
Итаяқовтар отбасы мал шаруашылығымен ұзақ жылдар бойы айналысып келеді.