«Қазіргі кезде Мухоряповқа қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Осы орайда тиісті сараптамалар белгіленді. Сондықтан сараптама нәтижесіне қарай оның іс-қимылына баға беріледі», - деді Әсет Шындалиев.
Айта кетейік, қазақстандық кәсіпкер Рамиль Мухоряповтің елімізге келген шетелдіктермен кездесуінде қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі әлеуметтік желіде дау туғызды. Кейіннен ол өз сөзіне қатысты кешірім сұраған болатын.
Видеодан алынған кадр/instagram.com/rrm777