Кәсіпкерден 1,5 миллион теңге ақша алып кеткен қарақшылар ұсталды

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қарақшылық шабуыл жасап, кәсіпкерден 1,5 миллион теңге ақша алып кеткен қарақшылық топ қолға түсті.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ІІМ-нің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сәуірдің басында Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданының Бисен ауылында бетперде киген белгісіз азаматтар жеке кәсіпкердің үйіне кіріп, аңшылық мылтықпен қорқытып, кәсіпкерді, оның әйелін және кәмелетке толмаған балаларын байлап, сейфтен 1,5 миллион теңге ақшаны алып кеткен. «Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 44 жастағы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауылының тұрғыны мен Ресейдің Астрахань облысы, Ахтубинск қаласының 42 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды», - дейді Қ.Жұманов.