Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, аталмыш оқиға бойынша Алматы қаласындағы Алатау аудандық Ішкі істер басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары арнайы жүргізілген кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы облысының Іле ауданындағы Покровка ауылындағы жалға алынған үйде 3 күдіктіні қолға түсірді. Олардың біреуі қарақшылық және бұзақылық әрекеттері үшін бұрын сотталған болып шықты. Сондай-ақ аталмыш қылмысқа қатысқан 4-ші азамат та белгілі болды, ол Алматы облысының 24 жасар тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда оны ұстау бойынша арнайы шаралар ұйымдастырылуда. Ал ұрланған сейфті ұрылар аша алмаған, ол тастаған жерден табылып иесіне қайтарылды.