Кәсіпкерлер 6 млрд. теңгенің салығын жасырып қалған

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат -ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті салықтан жалтару бойынша 27 қылмыстық істі қозғады.

Одан ел бюджетіне 6 млрд. теңге түспей қалған.

Мәселен, «АҚАТ ОЙЛ» ЖШС басшылығы табыс туралы декларацияға жалған мәліметтерді енгізіп, 324,7 млн. теңгенің салығын жасырған. «Бақыт XX Astana Bissnes» ЖШС болса, 243 млн. теңгені төлемеген. Ал «Бекзат - А» ЖШС 1,3 млрд. теңгенің салығын төлеуден жалтарған. Қазіргі кезде аталған қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.