«Хаттамаға қол қойылғаннан кейін екі ел арасындағы бақылау бекеттеріне тиісті куәлік түседі. Соның негізінде бидай кебегін көрші елге тасымалдауға болады. Негізі, қазірдің өзінде тасымалдауды бастауға болады. Ағымдағы жылда осы санаттағы өнімнің көлемі - 60 мың тонна», - деді вице-министр бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде бидай кебегін тасымалдай алатын кәсіпорындардың тізімі жасақталып жатыр. Әзірше, 2 фирма тіркеуге тұрды. Алдағы уақытта олардың санын 6-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Осылайша, биыл 6 кәсіпорын Қытайға бидай кебегін экспорттай алады.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев палата сайтында тиісті ақпараттың бар екенін жеткізді. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерде «Атамекен Қытайға экспорттайды» деген хэштегпен топ ашылған. Оған да өтінім беруге болады.
Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслихатында вице-министр Гүлмира Исаева қазақтың қой етін Қытай еліне жеткізу келісімін де жариялады. Оның айтуынша, осы жылдың екіншіжартыжылдығында қазақстандық кәсіпкерлер қой етін қытайлықтарға сата алады.
18:42, 03 Сәуір 2017
Кәсіпкерлер Қытайға бидай кебегін тасымалдай алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның айтуынша, қазіргі кезде тиісті хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.