«Тұтынушыларымызға өтінішім бар. Қазіргі уақытта бірқатар тауар сатушылары Қытаймен шекара жабылғанына сілтеп, азық-түліктің бағасын көтере бастады. Осыған орай Қазақстан Қытайдан әкелінетін және Қытайға жеткізілетін тауар қозғалысын тоқтатпағанын хабарлаймын. Бұл - тек бизнестің жосықсыз әрекеті. Осы себепті бағаны көтеруге қолданады», - деді ол.
Министр тұтынушылардан осындай жағдайға, сондай-ақ базарларда немесе сауда нысандарында баға сөз байласуына куә болса 8 (7172) 75-16-32, 8 (7172) 749832 телефон нөмірлеріне хабарласуды өтінді.
«Біз сөз байласуларға жедел ден қойып, оны жоя аламыз»,- деді Бақыт Сұлтанов.