Кәсіпкерлер «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасын қолдайды - «Ерке-Нұр» компаниясының президенті

None
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Тәуелсіздікпен бірге елге оралу бақыта ие болған қандастарымыздың атынан Елбасына үлкен рахмет айтамын. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХV съезінде сөз алған «Ерке-Нұр» компаниясының президенті Фарида Мерхамитқызы атамекенге оралған дүниежүзі қазақтарының ризашылығын білдірді.

«Тәуелсіздік - бар бақыттың бастауы. Дүниежүзі қазақтарының жүрегі Қазақстан деп соғады. Осыдан жиырма жыл бұрын өзіңіздің «тарыдай болып шашылған қазақтар Атамекенге оралыңдар» деген шақыруыңызға үн қосып, қарашаңырақтың бір уығы болайық деп Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға оралған алғашқы қазақ жастарының бірі едім. Мен осы сәтті пайдаланып, Тәуелсіздікпен бірге елге оралу бақыта ие болған қандастарымыздың атынан басымды иіп, Сізге үлкен рахмет айтамын. Өзіңіз бастаған қазақтың көші баянды болғай!», - деді кәсіпкер.

«Бүгіні қарастырып отырған Доктринамызда экономикалық саясат барлық азаматтарымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін бағытталуға, сонымен қатар өзара жауапкершілік пен әріптестік, мемлекет пен бизнес қарым-қатынасының маңызды қағидаты болуы тиіс делінген. Мен бүкіл кәсіпкеркерлер атынан Доктринада көрсетілеген бағыт-бағдарды қолдайтындығымды білдіремін», - деді Ф. Мерхамитқызы.