Онлайн режимде өткен отырыс барысында салық және әлеуметтік жеңілдіктер, шағын бизнесті қаржылай қолдау және жұмысқа енгізілген шектеу шараларына байланысты жалдамалаы нысандардың төлемін төлеу мәселелері талқыланды.
Шағын және микробизнестің қаржылық проблемалары туралы айта келе «Альфа-Банк» АҚ басқарушы директоры, «Қазақстанның кәсіпкерлер форумы» қауымдастығының өкілі Дамир Кәкиев кейбір сегменттер бойынша айналма қаражат жоғын алға тартты.
«Бөлшектік тауар және дүкендер, HoReCa, киімдер бутигі, автожуу, жылумен қамту станциясы, сән салоны, фитнес пен тігін цехтары құрамына кіретін шағын бизнесті қаржыландыру туралы айтар болсақ, осынау бүкіл сегменттің қарыз алу үшін кепілге қояр ештеңесі жоқ. Тиісінше олардың қаржылық сауаттылығы айтарлықтай жоғары емес. Осының салдарынан ашық сипаты жоқ қаржылық есеп пайда болады. Ұсақ бизнестің 90 пайызының басқару есебі дәптер жүзінде жүргізіледі. Жеке тұлға ретінде де, әртүрлі бағдарлама бойынша да олар тұтынушы несиесін ала алмайды. Себебі зейнетақы аударымы, яғни ресми табыс көзі жоқ. Ал егер біз food/non-food санаты туралы айтар болсақ, дистрибьюторлардың өзі консигнацияны құрмайды», - деді Дамир Кәкиев.
Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламалардың көбі орташа сегментке, орта бизнес пен шағын бизнестің жоғары сегментіне арналған. Осыған байланысты Дамир Кәкиев мемлекеттік бағдарлама аясында шағын және микробизнестің сегменттерінің кластеризациясын жүргізуді ұсынады.