Комбинат құрылысының бастамашысы жергілікті кәсіпкерлер Владимир және Ирина Хромовтар болды. Комбинат құрылысы 23,5 миллион теңге мөлшеріндегі банктік қарыз ақша алудың және өз қаражатын салудың арқасында іске асты.
Таяу уақыттары «Вега-А» ЖШС-і иелері шағын наубайхана ашуды көздеп отыр. Оның жабдықтары Қытайдан әкелінбекші. Жабдықтардың құны 7 миллион теңге шамасында тұрады.