Кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Астанада ұсталды.

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған қылмыстық топтың мүшелері 2008 жылы қазан айында Батыс Қазақстан өңірінің кәсіпкерінен 12 мың АҚШ долларын бопсалағаны үшін іздестіру жарияланған болатын. ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері наурыздың 2-сі күні елордада сол топтың жетекшісін қолға түсірді.