«Трамадол, тропикамид және зопиклон халықаралық патенттелмеген атауы бар дәрілік заттар рецептімен босатылуға жатады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 426-бабында дәрілік заттар рецептісіз босатылуына айыппұл көзделген. Бұл ретте реттелетін салаға мемлекеттік бақылау ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне (бұдан әрі – ҚР КК) сәйкес жүргізіледі. ҚР КК-нің 141-бабының 3-тармағына сәйкес екінші топқа дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы өздеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы және бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады», - деп жазылған министр жауабында.
Сондай-ақ ол 2019 жылы микрокәсіпкерлік нысандарды барып тексеруге және профилактикалық бақылауға мораторий енгізілгенін еске салады.
«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізілгенін атап өту қажет. Реттелетін саладағы субъектілердің көпшілігі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатады, бұл жағдай мемлекеттік бақылауды айтарлықтай әлсіретеді», - деп жазады Ажар Ғиният.