«Бізде мемлекет тарапынан бизнеске қолдау көрсететін 29 институт бар. Бірақ институттардың жұмыс нәтижелерін қарайтын болсақ, олар бизнес субъектілерінің тек 0,1-0,2 пайызын ғана қолдайды. Ал қалған 99 пайыздан астамы қажетті қолдауды алмайды. Егер әлемдік тәжірибеге жүгінсек, онда бұл көрсеткіш 10 есе жоғары», - деп мәлім етті Марат Қайырленов.
Еске салайық, бұған дейін «Jibek Joly» телеарнасындағы «Жаңа уақыт» бағдарламасында ой бөліскен Мәжіліс депутаты Қайнар Абасов бизнеске мемлекеттен қандай қолдау қажет екендігін айтқан болатын.