Кәсіпкерлерге берілген несие көлемі артты - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы ауданында шағын және орта бизнес өкілдеріне берілген несие көлемі артып келеді. Жыл қорытындысы бойынша 619 кәсіпкерге 1 млрд. 509,4 млн. теңге көлемінде несие берілсе, өткен жылмен салыстырғанда несие алғандар саны 434 кәсіпкерге көбейген, - деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы аймақтық үйлестіру кеңесінен жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің жалпы «Сүбе шығару» жобасы оң қорытынды алды.

Алдағы уақытт ааталған бағдарлама аясында «Асыл-Ғани» ЖШС-нің өндірісті әр тараптандырып дамыту жобасы мен «Сыр Маржаны» ЖШС-нің «Консервіленген ет өнімдерін өндіру» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.