Кәсіпкерлерге кедергі келтіргендерге жауапкершілікті күшейту қажет - «Атамекен» ҰКП

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлерік қызметке кедергі келтіретін мемлекеттік қызметшілерге жауапкершілікті күшейту қажет. Мұндай пікірді бүгін «Атамекен» ҚР ҰКП төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз кері байланыс құралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Мәселен, салықшылар кәсіпкерге асыра салықтық талап есептеді дейік. Ал одан кейін сот арқылы ұзаққа созылатын мән-жайды анықтау процесі жүреді. Бұл адамдардың уақытын алып, қаражатын шығындайды», - деді Тимур Құлыбаев еліміздің Бас прокуратурасында өткен «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты бизнесті қорғау жөніндегі екінші форумда.

 

Осы ретте ол алдағы уақытта заңға енгізілетін өзгерістерде мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін арттыру мәселесін қарастыру қажеттігін баса айтты.

«Жаңа өзгерістер барысында мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігінің артқанын қалаймыз. Біз статистиканы қарадық. Бүгінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда олардың істеген әрекеті үшін жауап беруі тиістігі туралы норма бар. Бірақ, өкінішке орай іс жүзінде кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірілгендігі дәлелденгендердің өзі ары кеткенде әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылады. Біз бұл адамдарды барынша жазалауымыз қажет», - деді ол.

Оның пайымынша, кәсіпкер өзінің жан-жақты қорғалғанын сезіну үшін заңнамада мемлекетік қызметшіге барынша қатаң шаралар көзделуі тиіс.

«Бұл бағытта жұмыс істеп те жатырмыз. Меніңше, бұл Бас прокуратурамен бірлескен жұмысымызда басымдық беріп отырған мәселелердің бірі. Мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі көтерілуі тиіс, шын болуы қажет. Бұл мәселеде Мемлекеттік қызмет істер агенттігімен белсенді ынтымақтасудамыз. Жақсы нәтижелелер де бар», - деді Тимур Құлыбаев.