Кәсіпкерлікте іскер әйелдерді қолдау жайы қарастырылды

None
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының қолдап,
«Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылған іс-шара барысында шағын және орта бизнесті дамытудың бүгінгі жағдайы және несиелендірудің кейбір түйткілдері, іскер әйелдерге қолдау көрсету жайы қарастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау қоры» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп өткізілген басқосу аясында өңір іскер әйелдері несібесін кәсіпкерлікпен тауып отырғандығын, бұл істі ауылдық жерлерде жан-жақты қолдау қажеттігі тілге тиек етілді. Бүгінде аймақ бизнес өкілдерінің 53 пайызын әйелдер құрайтын көрінеді. Елбасының Қазақстан іскер әйелдерінің бесінші форумында айқындалған басымдықтарды орындауда әркімнің мүдделі, ынталы, белсенді болуы қажеттігіне баса назар аударылды. Басқосуға қатысқан мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар белсенділері, партия өкілдері, мемлекеттік органдар қызметкерлері қарастырылған мәселе төңірегінде ойларымен бөлісті. Жиын соңында ауылдық жерлердегі іскер әйелдерді қолдау, бірлескен жобаларды іске асыру, жеңілдетілген несие бөлу турасында ұсыныстар қабылданды.