Ал кепілдіктің 50-85 пайызын мемлекеттік өзі қамтамасыз етеді. Оған бір тиын да шығарудың қажеті жоқ, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Нәтижелі жұмыс пен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы сәуірдің 1-інде басталады. Аталған бағдарлама үш бағытта жүзеге асады. Біріншіден, ол - несиелендіру. Оның аясында өз бизнесін енді ғана бастап жатқан кәсіпкер болсын, бизнеспен бұрыннан бері айналысатын адам болсын, кәсіпкерлікке займ ала алады. Айта кетер жайт, ол займды кез келген кәсіпке алуға мүмкіндік бар. Несиенің шекті көлемі - 18 млн. теңге. Ал ставканың мөлшері 6 пайыз болады, бұл - соңғы әрі нақты ставка. Бұдан артық шығын шықпайды", - деп атап көрсетті Сүлейменов бүгінгі баспасөз мәслиxатында.
Министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылда қалаларда жаппай кәсіпкерлікке 10 млрд. теңге бөлінсе, ауылдар мен шағын қалаларда 27 млрд. теңгенің несиелерін беру көзделіп отыр. "Әрине, несие алғанда кепілзат мәселесінің туындайтыны белгілі. Біз оны жақсы білеміз. Сондықтан жаңа бағдарлама аясында несиенің 85 пайызына мемлекеттің өзі кепілдік жасайды. Ол - өз кәсібін енді бастап жатқан бизнесмендерге арналған шарттар. Ал бұрыннан бері айналысатындарға 50 пайыздық кепілдік қарастырылған. Кепілдікке ешқандай ақша алынбайды. Кәсіпкерлер үшін қызметтің түрі тегін болады. Осыны ерекше атап өткім келіп отыр", - деп атап көрсетті министр.