Олар кэтчвейтте - 164,5 фунт салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Судьялардың бірауызды шешімімен «Канело» жеңімпаз атанды. Бұл оның мансабындағы 49-шы жеңісі болса, Чавес кәсіпқой рингте үшінші рет жеңіліске ұшырады.
Альварестің келесі қарсыласы WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) болады деп күтілуде.