Осы кеште суперорта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Аxмедовтің (14-0, 10 КО) қарсыласы америкалық Абраxам Хан (26-4-1, 16 КО) болуы тиіс еді. Бірақ ол осы шоудан бас тартты. Енді Әли, The Ring журналисі Майк Коппинджердің пікірінше, басқа бір америкалық боксшы, 35 жастағы Маркус МакДэниэлмен (15-0, 2 КО) кездесу өткізуі керек.
Еске сала кетейік, Әли Аxмедов - Геннадий Головкиннің GGG Promotions компаниясының клиенті.