Алматы қаласында өткен «Жетісу жауынгерлері» кәсіпқой бокс кешінде Қожамбердиев әзербайжандық қарсыласы Казим Умутовты (3-1, 1КО) 3-раундта нокдаунға түсіргеннен кейін, төреші жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.
Осылайша, 8 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз бірінші ауыр салмақта IBA Asia титулын жеңіп алды.
Айта кетейік, бүгін Алматы қаласында МТК Қазақстан промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен «Жетісу жауынгерлері» кәсіпқой бокс кеші өтті. Шаршы алаңда 9 жұп өнер көрсетіп, 8 қазақстандық және бір өзбекстандық боксшы жеңіске жетті.