Қанат Ислам таразыда 158,8 фунт салмақ көрсетсе, оның қарсыласы – 157,4 фунтты көрсетіп, екі боксшы да орта салмақтағы лимитті (72,6 кг немесе160 фунтов) орындады.
Бұған дейін хабарланғандай , Қанат Ислам 25 ақпан күні Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) кезекті жекпе-жегін өткізеді. Боксшылар орта салмақтағы WBO Global чемпиондық белбеуін сарапқа салатын болады.
Тартысты айқасты қазақстандықтар Нұр-Сұлтан уақытымен 26 ақпан сағат 07:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирден тамашалай алады.