Өткен сенбі күні Ресейде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Илья Очкин де кезекті кездесуін өткізді.
Бірінші орта салмақтағы айқаста қазақстандық боксшы өзбекстандық Хусан Юлдашевпен қолғап түйістірді. Алты раундқа жоспарланған кездесу үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталып, отандасымыздың мерейі үстем болды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы осылайша төртінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Кәсіпқой бокстағы бес кездесудің бірінде отандасымыз жеңіліп қалған еді.