27 жастағы Тәжібай бір жыл бойы рингке шықпаған болатын. Төрт раундтық жекпе-жекте ол төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы осымен тоғызыншы мәрте жеңіп отыр, ал Веласкес сегізінші рет жеңілді.
Шыңғысхан соңғы рет 2018 жылдың 27 қазанында жекпе-жек өткізген. Сол кезде америкалық Хуан Родригесті (8-16-1, 6 КО) ұпай санымен жеңген.