Рейтингінің жаңартылған тізімінде Нұрсұлтан Жаңабаев 15-шы орыннан көрінді.
«Рейтингінің бұрынғы көшбасшысы литвалық Эгидиюс Каваляускас америкалық Теренс Кроуфордқа есе жібергеннен кейін бірінші орыннан оныншы орынға бір-ақ сырғыды», - деп хабарлайды «Қазақстан кәсіпқой боксының» әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетерлігі, Нұрсұлтан Жаңабаев 21 желтоқсанда Ресейде шаршы алаңға шығуы керек болатын. Алайда жаттығу барысындағы жарақат салдарынан айқас өткізілмейтін болды.
Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Жаңабаев бұған дейінгі жекпе-жегінде үш чемпиондық титул үшін өткен айқаста аустралиялық қарсыласынан айласын асырған болатын. Аустралияның Сидней қаласындағы ICC Exhibition Centre аренасында өткен бокс кешінде қазақстандық WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдары үшін болған жекпе-жекте жергілікті боксшы Стив Гагоны жеңді.
фото: vk.com/kazproboxing