АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиналық кәсіпқой боксшы Василий Ломаченко чемпиондық атағын қорғап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол Нью-Йоркте кубалық боксшы Гильермо Ригондоны ұтып, екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпиондық атағын қорғап қалды.
Василий Ломаченко 12 раундқа жоспарланған жекпе-жектің 7-ші кезеңінде қарсыласының айқасты ары қарай жалғастыруынан бас тартуына байланысты мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша украиналық боксшы кәсіпқой бокстағы 10-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Ригондо спорттық мансабында алғаш рет жеңілді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.