Кәсіпқой бокс: Жаңқош пен Қанат IBO рейтингінде жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс ұйымы (IBO) рейтингісінің жаңа нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Өзгерістер Қазақстан боксшыларын да сырт айналып өткен жоқ.

Жеңіл салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған Жанат Жақиянов жалпы рейтингтің 19-орнында қалды. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров 66-орыннан 62-орынға көтерілді. Бірінші орта салмақ санатында Қанат Ислам бір орынға көтеріліп, 7-орынға тұрақтады.

Жартылай ауыр салмақ өкілі Иса Ақбербаев үш орын төменге сырғып, 33-орынға түсті. Бірінші ауыр салмақтың ТОП-100 боксшылары арасында Әли Ахмедов 58-орнында қалды.