«BoxRec.com ақпаратына сәйкес, аталмыш айқаста бірінші орта салмақтағы NABF чемпионының вакантты титулы тігіледі. Айқас 10 раундқа есептелген. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 24 мамыр күні таңертең өтеді», - делінген «Қазақстан кәсіпқой боксшының» желідегі парақшасында.
Еске сала кетсек, Мадияр Әшкеевтің (11-0, 6КО) келесі жекпе-жегін 23 мамыр күні АҚШ-тың Тусон қаласында (Аризона штаты) өткізетіні бұған дейін хабарланған болатын. BoxRec.com сайтының ақпаратынша, оның қарсыласы 34 жастағы америкалық Сесил Маккалла (21-3, 8КО).
30 жастағы Әшкеев соңғы рет рингке биылғы 11 қаңтарда шыққан болатын. Санта Инесте (АҚШ, Калифорния штаты) өткен кездесуде қазақстандық спортшы төрешілердің бірауызды шешімімен Пуэрто-Рико өкілі Луис Эрнандесті (16-8, 9КО) жеңген еді.