12:20, 17 Сәуір 2009
Кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпионы халықаралық бірнеше бокс қауымдастығының рейтингінде үздік үштіктің қатарына қосылады
АЛМАТЫ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кәсіпқой бокстан бүгін Алматыда сарапқа салынатын Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізген былғары қолғап шебері бірнеше халықаралық бокс қауымдастығының рейтингінде үздік үштіктің қатарына қосылмақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазақстан чемпионы атанған спортшы Паназиялық бокс қауымдастығының (РАВА), Азия бокс кеңесінің (АВС) және Бүкәлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде үздік үштіктің қатарына енеді. Бұл туралы біздің келісіміміз бар. Қазақстанның кәсіпқой бокс тарихында алғашқы ел чемпионы аса ауыр салмақты былғары қолғап шеберлері арасында болмақ. Бұл жекпе-жек шымкенттік Талғат Досанов пен алматылық Қанат Алтаевтың арасында өтеді», дейді промоутер Ерік Жайлауов. Оның айтуынша, бұл сайыс қазақстандық кәсіпқой боксшыларға үлкен мүмкіндіктер тудырмақ. Алдағы уақытта мұндай мәртебелі жекпе-жектер енді өзге салмақ дәрежелерінде де ұйымдастырырылады деп жоспарланып отыр.