Кәсіпқой ринг дебютанты Головкиннің соққысына тәнті болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин (36-0, 33 КО)-Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) кешінде кәсіпқой бокстағы дебюттік кездесуін өткізетін солтүстікирландиялық боксшы Майкл Конлан қазақстандық туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz AleetBoxing-ке сілтеме жасап.

«GGG-дың әрбір соққысы күшті және оның қарсыластары үшін қауіпті. Джейкобс - жақсы боксшы, алайда Головкиннің соққысына қарсы тұра алатынына күмәнім бар», - деп ойлайды Конлан.

Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Шара аясында Конлан америкалық боксшы Тим Ибаррыймен (4-4, 1 КО) кездеседі.