«Кадрлық саясатқа тоқталатын болсақ, кәсіподақтар жұмысында жастар болмаса, онда кәсіподақтардың болашағы бұлыңғыр екенін көбі ұмытып бара жатқан секілді. Бүгінде бұл тұрғыдағы жағдай мәз емес. Кәсіподақтардың басшылық құрамының 50 пайыздан астамы зейнеткерлік жастағы адамдар, сонымен қатар олардың кейбірі 70-тен асып кеткен»,-деді төраға.
Осы орайда ол өткен жылы атқарушы комитеттің отырысында жергілікті жерлерде 55-60 жастан аспайтын кадрлар резервін құру шешімі жасалғанын атап өтті. Бүгінде барлық мүшелік ұйымдарда 85 пайыз кадрлар резерві жасақталған және олардың біліктілігін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
Ә. Құсайыновтың пайымынша, кәсіподақтарда қызмет ететін егде жастағы қызметкерлер, яғни 70-тен асқан адамдар ең алдымен өздерінің денсаулығымен айналысуы керек.