деп хабарлайды жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.
Оған «Kaztonika» және «Asterra» энергетикалық аудит мамандары, Астана қаласынан «ҚазЭкоТерм» ҒӨФ энергия үнемдеу саласындағы ғалымдар, Павлодар мен Ақсу өндірістік кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Энергия үнемдеудің бүгінде маңызды мәселелердің бірі екендігі жиын барысында баса айтылды. Энергияны тиімді жұмсау проблемаларымен «Ертіс» МПУ ғылыми-техникалық паркі базасының негізіндегі өңірлік энергия үнемдеу орталығы айналысатын болады.
Жиылғандар 6-шы Астана экономикалық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «жасыл энергетикаға» көшу деп атаған және жаңа технологияларды енгізудегі алға қойған міндеттерді саралады.
Сондай-ақ семинарға қатысушылар Қазақстанда жел энергия стансаларын салу және өндіру перспективаларын талқылады.