Кәсіптік білім берушілер форум өткізді - Қызылорда

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) -Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми техникалық кітапханада «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты облыстық еңбек форумы болып өтті. Оны облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.

Жиын барысында М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі, облыстық туризм, денешынық­тыру және спорт басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Азаматтық альянс» қоғамдық ұйымы, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжі мен «Асар» ЖШС, Екібастұз қалалық энергетика саласына мамандар даярлайтын кәсіби орталық пен Қазалыдағы №5 кәсіптік лицей, құрылыс саласының мамандарын даярлауға тапсырыс беруші «МГШ-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Қызылорда қаласындағы №6 кәсіптік лицей басшылары техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау сапасын арттыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келелі жиын соңында өңіріміздегі бірқатар оқу орындарын үздік бітірген түлектерге куәлік пен еңбек кітапшасы табысталды.