Аталған құжатта кәсіподақ қозғалысының ұйымдық негіздері айқындалады. Сонымен қатар, заң жобасы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауды, әлеуметтік жанжалдардың алдын алуды және осы үшін әлеуметтік әріптестіктің рөлін арттыруға бағытталады. Атап айтқанда, біріншіден, қызметкерлер мүддесі өкілдігін білдіруде, келіссөздер жүргізу барысында кәсіподақтардың басым құқығын беру қарастырылған. Ал қолданыстағы тәжірибе бойынша қызметкерлер өкілеттік берген жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар кәсіподақтармен теңдей дәрежеде өкілдік ете алатын еді. Бұдан бөлек, заң жобасында әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың өкілеттігін ұлғайту, олардың функцияларын реттеу көзделеді. Мысалы кәсіподақ қозғалысының республикалық деңгейінде әлеуметтік еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын қарап, ұйғарымдар дайындау, әлеуметтік еңбек даулары мен жанжалдарын болдырмау нормалары қарастырылған. Сонымен қатар, кәсіподақтар әлеуметтік әріптестік бойынша мүшелікке міндетті болады. Яғни, кәсіподақтардың қызметін әлеуметтік әріптестіктің тиісті деңгейінде мүшелілік қағидатымен құру ұсынылып отыр. Бұл ретте кәсіпорындар бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлерінің өкілі болып есептеледі. Бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлерінің мүдделерін өңірлік деңгейде қорғау үшін кәсіподақтардың өңірлік бірлестіктеріне бірігу құқығы беріледі. Ал мүддені салалық деңгейде қорғау үшін салалық кәсіподақтарға мүше ұйым ретінде кірігу ұсынылады «Бұл шара кәсіподақтар қызметінде мемлектетік органдармен және жұмыс берушілермен тиімді әлеуметтік диалог жүргізу және әріптестік қағидаттарына негізделген бірыңғай саясатты тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Кәсіподақ қызметіндегі сатылас байланыс ұлттық, салалық және өңірлік деңгейлерде қабылданатын шешімдерді төменгі деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз етеді», - дейді депутат Ирина Аронова.
12:41, 21 Мамыр 2014
Кәсіптік одақтар туралы заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды - Мәжіліс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.