Қаскелең өзенінде 61 жастағы балықшы суға батып кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Қаскелең өзенінде 61 жастағы балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Бейсенбі, 1 қараша күні Алматы облысында Қаскелең өзенінде балық аулау кезінде 61 жастағы ер адам абайсызда суға батып кетті. Оның мәйітін судан куәгерлер алып шықты.