Кеше күндіз жасөспірімдер тау бөктерімен көтеріліп келе жатып, жартасты жыраға түсіп кеткен. Хабарлама топтың бір қатысушысынан келіп түскен, геолокация деректері белгілі болды.
Оқиға орнына ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы шықты. Құтқарушылардың құрамында кинолог және қажетті жабдық болды.
- Тау жотасының күрделі, тасты бедеріне байланысты зардап шеккендерге жету 4 сағаттан астам уақыт алды. Кері қайту жолын жартасты бөктерлер мен қараңғы уақыт қиындатқанымен, барлық жасөспірімдер құтқару техникасына аман жеткізілді, - делінген ақпаратта.
Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Айта кетейік, Орджоникидзе шыңында жарақаттанған альпинист тікұшақпен құтқарылды.