Касперский компаниясы жүйелік бағдарлама мен антивирустың жаңа нұсқаларын шығарды

АЛМАТЫ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - «Касперский зертханасы» жүйелік бағдарламаның «Kaspersky Internet Security 2011» және антивирустың «Касперский Антивирусы 2011» атты жаңа нұсқаларын шығарды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жүйенің бұрынғы нұсқасынан көп айырмашылықтары бар. Онда бағдарламалар белсенділігінің мониторингі енгізілген. Ол жүйедегі барлық жұмыстарды қадағалап, тіркеп және сараптап отырады. Сонымен қатар, KIS 2011-де қауіп тудыратын веб-сайттар туралы ақпар беріп отырады және күдікті, қауіпті ресурстарға кіріп кетпеу үшін өз-өзінен құлыпталады.

Бұл жаңа нұсқада ата-аналық қадағалауға да аса мән берілген. Енді үлкендер балалардың компьютерді пайдалану уақытын шектеп қана қоймай, олардың немен айналысып отырғанын да біле алады. Ол үшін арнайы интернет пэйджерлер қолданумен қатар, әлеуметтік желімен де байланысқа шығу мүмкіндігі қарастырылған.

Kaspersky Internet Security 2011 мен Касперский Антивирусы 2011-де интерфейстің жаңа бөлімі пайда болды. Windows жұмыс үстелінің Гаджеті негізгі функциялармен тікелей әрі тез қызмет етуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен компьютердің қауіпсіздік деңгейін білуге және сканерлеу қызметін тез қосуға болады.

«Жаңа жүйені шығара отырып компаниямыз алдына бағдарламаны жаңарту ғана емес, әлдеқайда жаңа дүние ұсынуды мақсат етіп қойған-ды. Біз бұл мақсатымыздың орындалғанына қуаныштымыз. Енді біздің тұтынушылар жаңа жүйедегі пайдалы қызметтердің арқасында өз компьютерлеріндегі өзгерістерді біліп отырады және өзіндік жеке мәліметтерінің қауіпсіздігіне сеніммен қарайтын болады», дейді «Касперский зертханасының» Бас директоры Евгений Касперский.

Жаңа жүйелік бағдараманың сатылымы Қазақстан мен Өзбекстанда және басқа да Орталық Азия мемлекеттерінде қыркүйектің басында басталады.