Таяудан бері қазақстандық банктер төңірегінде түрлі қауесеттер жиілеп кетті. СМС-хабарламалар арқылы таралған бұл сыбыстар, әсіресе, депозиті бар жұртшылықтың алаңдаушылығын туғызды. Бұл сондай-ақ коммерциялық банктердің жұмысын күрделендіре түсті.
Аталған жағдай теңгенің құнсыздануына байланысты жағдайда жалпы халықты үрейге салды. Алайда, девальвацияға қатысты мәселе мен коммерциялық банктердің жұмысының ара жігін ажыратып қараған жөн.
Белгісіз біреулердің жіберген арандатушылық сипаттағы смс-хабарламаларға сенуге еш негіз жоқ.
Осыған байланысты Kaspi Bank менеджменті мен акционерлері Михаил Ломтадзе және Вячеслав Ким болған жағдайға байланысты өз ұстанымдарын мәлімдейді.
«Қазақстанның банк нарығында тұрақсыз жағдай бірінші рет орын алып отырған жоқ. Құрылғаннан бері осы кезге дейін біз жақсы тәжірибе қалыптастырдық және Kaspi Bank-тің өзінің барлық міндеттерін әрқашан орындап, клиенттерінің мүддесін толықтай орындайтынын мақтанышпен айта аламыз.
Kaspi Bank клиенттеріміздің барлық сұраныстарын орындады, орындап жатыр және алдағы уақытта да орындайды. Бүгіннің өзінде банктің еліміздегі бөлімдеріне қолма-қол ақшаның көлемі әдеттегіден 5 есе көп енгізілді. Клиенттерімізге қанша қаражат қажет болса, сонша жеткізіледі.
Kaspi bank Қазақстанда көптен бері жұмыс істеп келе жатқан жалғыз банк. Клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін біз аптасына 7 күн, сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейміз.
Егер клиенттеріміз біздің банкпен қарым-қатынасын үзуге тілек білдірсе, біз ережеге сай олардың сұраныстарын қанағаттандырамыз.
Kaspi Bank акционерлері мол ресурстар мен активтерге ие. Ол қажет болған жағдайда клиенттерінің сұранысын қанағаттандыру үшін осы ресурстарды пайдалануға әзір екенін ресми түрде мәлімдейді.
Kaspi Bank-тің инвесторы 3,7 миллиард АҚШ долларынан астам капиталы бар Baring Vostok Capital Partners жетекші инвестициялық қоры болып табылады.
Kaspi Bank-тің іскерлік беделін төмендету үшін айтылып жатқан кез келген мәлімдеме жалған, арандатушылық сипатта және жосықсыз бәсекенің көрінісі.
Біз жақын арада нарықтағы жағдай тұрақталып, адал клиенттерімізбен бірге дамудың жаңа сатысына көшеміз деген сенімдеміз.
Біз, Михаил Ломтадзе, Вячеслав Ким kaspi bank менеджменті мен акционерлері ретінде клиенттеріміздің сенімдерін ақтап, олардың алдындағы барлық міндеттерімізді орындаймыз деп мәлімдейміз.
Банктің табысты жұмысы, оның Қазақстандағы жетекші және ірі банк ретіндегі жетістіктері мен біздің өз клиенттерімізбен ашық сөйлесе алатындығымыз - мұның барлығы сіздердің мүдделеріңіздің сақталып, қорғалатындығының кепілі болмақ».