Kaspi bank алдағы 2 жылда ипотекалық өнімдерді ұсынбайды - Михаил Ломтадзе

None
АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ипотека қазір Kaspi bankте берілмейтін өнімдердің бірі боп қалып отыр.

Бұл туралы банктің Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе бүгін Алматыда 2010 жылдың қорытындысын арналған баспасөз мәслихатында айтты.

«Ипотека біз үшін клиентке жылдам қызмет көрсетілетін өнім емес. Маған Макдонестің қызметі ұнайды. Банк секторы да соған ұқсас. Онда стратегия нақты бағыттарда жүзеге асырылады. Сондықтан біз өз клиенттерімізге 24 сағаттың ішіне ұсына алатын болсақ қана ипотека бермекпіз. Қазір заң базасы бұған жол бермейді», - дейді М. Ломтадзе. Оның айтуынша, қаржы институты ұсынатын өнімдер мен қызметтер клиеттер сұранысын өте жылдам қамтамасыз етуі керек.