«Kaspi bank» банкроттық жайында жалған ақпаратты таратушыларды тапқандарға 100 млн. теңге бермек

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kaspi bank» банкроттығы жайында жалған ақпарат таратқан бастамашыны анықтау үшін аталған банк 100 млн. теңге көлемінде сыйақы тағайындады. Бұл туралы осы банктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

«Соңғы күндері Қазақстан тұрғындары үш банктің банкроттығы жайында күдікті мазмұндағы SMS-хабарламалар алып жатыр. Аталған мәселе бойынша кез-келген ақпаратты мына crowdsourcing@kaspibank.kz поштаға жіберіңіздер», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, банк өкілдері аталған арандатушылық іс-қимылдың жай-жапсарын анықтап, бастамашыларды заңнама аясында жауапкершілікке тартуға ниетті екендіктерін алға тартуда.