Kaspi bank «Даму» қорынан алған үшінші траншты мерзімінен бұрын игеріп шықты

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Kaspi bank шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша «Даму» қорынан алған үшінші траншты мерзімінен бұрын игеріп шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 6 миллиард теңге көлеміндегі бұл қаржы 221 шағын және орта бизнес кәсіпорындарына берілді. Қазақстанның барлық өңірі қамтылды. Қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі Алматы, Астана, Ақтөбе қалалары мен Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының үлесіне тиіп отыр. Бұл несиелердің тең жартысынан астамы жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін берілді. «Даму» қорымен екі жылдан бері белсенді түрде жұмыс істеп келе жатқан kaspi bank осы уақыттың ішінде шағын және орта бизнеске ұзақмерзімдік несие түрінде 23 миллиардтан астам теңге берді.