Kaspi bank ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру бағдарламасын мерзімінен бұрын жүзеге асырды
18:53, 15 Мамыр 2009
АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Kaspi bank ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру бағдарламасын мерзімінен бұрын жүзеге асырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Банк «Самұрық-Қазына» қорының бағдарламасы бойынша бөлінген 3 миллиард теңгемен 921 ипотекалық заемды қаржыландырды. Қайта қаржыландырылған бұл несиенің орташа сомасы 3,3 миллион теңгені құрады. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін кaspi bank ипотекалық заем алушылардан 3,5 миллиард теңгеге мыңнан астам өтініш қабылдаған болатын. Өтініштердің басым бөлігі Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан түсті.